12.07.2023 _ 11:30

Павлодар облысының әкімі: 16 денсаулық сақтау нысаны жөнделіп, жаңартылады

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2 жыл ішінде 30 жаңа медициналық нысан салу жоспарланған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов хабарлады.

«Өңір онкология сырқаты бойынша 3-ші орында. Осыған орай, бұрын бізде болмаған жаңа жабдықты қолданып, ерте диагностиканы кеңейту есебінен, онкологиялық науқастардың 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші 51%-дан 57%-ға дейін арттырылды. Сондай-ақ биыл 16 денсаулық сақтау нысанын жөндеу мен жаңартуға 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 2024 жылдың наурыз айында облыс орталығындағы №1 қалалық аурухананы ауқымды жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр», – деді спикер баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 5,5 мың орындық жаңа форматтағы 5 мектеп салынады. Олардың екеуінің құрылысын биыл бастау жоспарланған.