14.07.2023 _ 14:30

Кәсіби стандарт білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болады – Еңбек министрлігі

«Кәсіптік біліктілік туралы» Заңның негізгі мақсаттарының бірі - еңбек нарығы мен кадрлар даярлау жүйесінің байланысын қамтамасыз ету. Бұл процесте ең маңызды құжат кәсіби стандарт болады. Орталық коммуникациялар қызметінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев атап өткендей, бұл белгілі бір мамандық бойынша маманның білімі, біліктері мен дағдылары бекітілген құжат болады.
Кәсіби стандарт білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болады – Еңбек министрлігі

«Заңда әрбір салалық мемлекеттік орган үшін кәсіби стандартты әзірлеу және бекіту бойынша жауапкершілік қарастырылған. Мысалы, мұнай-газ саласына келсек, Энергетика министрлігі ірі жұмыс берушілермен, сарапшылармен, кәсіподақтармен бірлесіп осы кәсіби стандартты әзірлеп, бекітеді. Бұл білім беру бағдарламаларын дайындауға негіз болады. Сондай-ақ білім беру бағдарламалары кәсіби стандартқа сай болуға тиіс деген нормалар бекітілді», – деп нақтылады спикер.

Сертификаттау орталықтарына да үлкен жауапкершілік жүктеледі. Тестілеу материалдары мұрағатталады және сақталады. Заңда Сертификаттау орталықтарын аккредиттеу жүктелген орган ретінде «Атамекен» ҰКП жауапкершілігі бекітілген, деп түйіндеді вице-министр.