15.07.2023 _ 10:56

Әділет министрлігі 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметін қорытындылады

Ведомство басшысы Азамат Есқараев Әділет министрлігінің алдында қызметтің тиімділігін арттыру міндеті тұрғанын атап өтті. Осыған байланысты әділет органдарында бақылау, талдау және болжау жүйесін едәуір ұлғайту қажет.

«Барлық бастамашыл реформалар деректерге терең талдау жүргізілгеннен кейін ғана әзірленуі тиіс» – деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, әділет министрі бірқатар міндеттерді алға қойды. Әсіресе азаматтардың сұраныстарына жедел ден қоюға ерекше назар аудару тапсырылды.

«Қоғамдық кеңеспен тығыз ынтымақтастық орнату жұртшылықпен әрекетесудің ең тиімді тетіктерінің бірі болып табылады. Бұл әділет қызметін қоғамдық бақылаудың бір түрі және біз үшін тұрғындардан кері байланыс алудың мүмкіндігі», – деді Азамат Есқараев.

Іс-шара қорытындысы бойынша министр салалық бағыттардағы көрсеткіштерді жақсарту бойынша нақты нұсқаулар берді.