17.07.2023 _ 09:06

Мемлекет басшысы 18-19 шілдеде Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 18-19 шілдеде «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады.

Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.