18.07.2023 _ 15:44

Тамара Дүйсенова БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілімен кездесті

Премьер-Министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Тамара Дүйсенова БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілімен кездесті

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен БҰҰ ДБ-ның әлеуметтік саладағы ынтымақтастығы, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру, жастардың білігін арттыру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту үшін мобилді фабрикалар құру мәселелері талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа және мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге дайын екендерін білдірді.