20.07.2023 _ 11:30

Kazakh invest компаниясының сүйелдеумен еңгізілген жобалардын саны 2017 жылдан бері бес есеге өсті

«Kazakh invest» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың айтуынша, пандемия аяқталғаннан кейін шетелдік инвесторлардың белсенділігі артқан. Kazakh invest компаниясының басты мақсаттарынын бірі – елге инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды өзімізде жүзеге асыру. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конферецниясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды.
Kazakh invest компаниясының сүйелдеумен еңгізілген жобалардын саны 2017 жылдан бері бес есеге өсті

«2022 жылы шетелдік инвесторлардың қатысуымен 46 жаңа жоба пайдалануға берілді. Жалпы сомасы 4,1 млрд долларды құрайды, 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылды», – деді М.Юсупов.

Басқарма төрағасы айтуынша, 2020-2022 жылдары «жасыл» трендт байқалады. Жаңартылатын энергия саласында 350 млн АҚШ долларын құрайтын 7 жоба пайдалануға берілді.

«Үкіметтін 2060 жылы көміртегі бейтарапына қол жеткізу жөніндегі мақсаттарын ескере отырып, бұл тенденция өзекті болуда», – деді басқарма төрағасы.

Соңгы бес жылда Kazakh invest компаниясынын сүйелдеумен еңгізілген жобалардын оң динамикасын байқауға болады. 2017 жылы 9 жоба іске қосылса, 2022 жылы осы көрсеткіш бес есеге өсті.

«Биыл шетелдік инвесторлардын қатысуымен 40-тан астам жоба еңгізілмек. Осы жылдын бірінші жартыжылдығында 197 млн доллардан астам сомаға 9 жоба іске қосылды. Команиянын қолдауымен жалпы құңы 1,2 млрд АҚШ долларды құрайтын 14 жобанын құрылыс жұмыстары басталды», – деді басқарма төрағасы.