27.07.2023 _ 14:20

Мерзімді қызмет сарбаздарына несиелік демалыс беру: проактивті формат енгізіледі

Әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру мақсатында Қорғаныс министрлігі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынды. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев цифрландырудың бұл процесті оңтайландыруға қалай әсер еткені туралы айтып берді.
Мерзімді қызмет сарбаздарына несиелік демалыс беру: проактивті формат енгізіледі azattyq-ruhy.kz

Қорғаныс министрлігінің бастамасы 2,5 мыңға жуық мерзімді қызметтегі сарбазға несие төлеуді 13 айға кейінге қалдыруға мүмкіндік берді.

Ведомство басшысының орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, жобаны іске асыру барысында сарбазға арыз жазу қажеттігіне тікелей байланысты кейбір бюрократиялық сәттер туындаған. Бұл өтініш қаржы ұйымына жеткенше, бірнеше ай өтетін және осы уақыт ішінде адамға айыппұл салынатын.

«Бұған жол бермеу үшін қазір мемлекеттік кредиттік бюромен осы функцияны проактивті форматқа ауыстыру мүмкіндігі пысықталып жатыр, онда адамға өтініш жазу қажет болмайды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.