10.08.2023 _ 11:40

Денсаулық сақтау министрлігі: елдегі коронавирустық инфекция бойынша ахуал тұрақты

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова әлемде таралған омикронның жаңа түрі елімізде тіркелмегенін айтты.  

«Биылғы жылдың 7 айын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, сырқаттанушылық 36 есеге төмендеген. Егер маусым және шілде айларын салыстыратын болсақ, сырқаттанушылық 1,5 есеге кеміген. Сонымен қатар елде коронавирус түрлерінің айналымына мониторинг жүргізіледі. Әлемде таралған омикронның жаңа түрі біздің елімізде анықталған жоқ», – деді спикер.