12.08.2023 _ 13:35

Қатты тұрмыстық қалдықтар нарығы: дамудың жаңа мүмкіндіктері

Қатты тұрмыстық қалдықтар нарығын дамытуды ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп , Іс-шаралар жоспарын бекітті (ҚТҚ нарығындағы бәсекелестікті дамытудың жол картасы).

Реформа аясында тарифтік реттеу ережелері қайта қаралады, нарыққа қатысушыларды таңдау критерийлерін бекіту, шарттар жасасу мерзімін реттеу және жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) ведомстволық бағынысты ұйымдарының ҚТҚ нарығына қатысуын қысқарту жоспарлануда, бұл өз кезегінде бизнестің бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бұған дейін, БҚДА 2020-2022 жылдар аралығында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, сұрыптау және кәдеге жарату нарықтарына талдау жасаған болатын, бұл нарық дамымаған бәсекелестікпен жоғары шоғырланғандығы анықталды нәтижесінде қазіргі тарифтік реттеу жүйесі тиімсіз, осы қызмет көрсету нарығында мемлекеттің болуы, ЖАО мемлекеттік сатып алуды жүргізудегі «формализмі» мемлекеттік мүлікті (жер учаскелері, арнайы техника, контейнерлер) бір қолға беретін бір қатысушыға бәсекелестік талаптар белгіленген, осылайша басқа қатысушылар үшін осы нарыққа кіруге кедергілер жасайды.

ҚТҚ нарығындағы бәсекелестікті дамытудың Жол картасы туралы қосымша ақпаратты мына сілтеме бойынша оқуға болады.