15.08.2023 _ 08:19

Еліміздегі колонияларда азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу саны 83%-ға қысқарды

Биыл ҚАЖ мекемелерінде азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің саны 41-ден 7-ге дейін, сотталғандардың шағымдары 48-ден 19-ға дейін қысқарды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі.
Еліміздегі колонияларда азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу саны 83%-ға қысқарды

ҚАЖ комитетінің хабарлауынша, соңғы жылдары оң динамика байқалып отыр. 2019 жылы бұл көрсеткіш сотқа дейінгі 200 тіркелген тергеуді құрады.

– Пенитенциарлық мекемелерде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың нәтижесінде біз ҚАЖ қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы әрекеттерді жоюда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік, – деді ведомство өкілдері.

Жағдайды түбегейлі өзгерткен маңызды жаңалықтардың бірі үздіксіз бейнебақылауды енгізу болды. Бүгінгі таңда 78 пенитенциарлық мекеменің 52-сінде 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған.

Мониторинг барысында операторлар арнайы контингент жасаған 8 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Сонымен қатар сотталғандар жасаған қылмыстар саны да 16%-ға төмендеді.