15.08.2023 _ 14:20

Мемлекеттік кірістер комитеті: автокөлікті кедендік тазартудың үш тәсілі бар

Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру кезеңінде Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінде тексеру арқылы кедендік тазартудан өткені туралы анықтамалар берілді. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бақылау департаменті директорының м.а. Ержан Әбдірахманов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында кедендік тазарту тәсілдері жайлы айтып берді.
Мемлекеттік кірістер комитеті: автокөлікті кедендік тазартудың үш тәсілі бар

Спикер атап өткендей, ЕАЭО аясында кеденнен өткен тауарлар мен көлік құралдары бойынша өзара ақпарат алмасу жүзеге асырылады. Алынған мәліметтер деректердің ақпараттық қоймасына орналастырылады.

Автокөлікті кедендік тазарту үш тәсілмен жүргізіледі. Біріншіден, БКТ мөлшерлемелері бойынша декларация беру арқылы. Ол үшін бірқатар төлемді төлеу қажет. Бұл 20 мың теңге мөлшеріндегі кедендік алым (қазіргі уақытта 6 АЕК – 20 600 теңге); кедендік баж төлеу (егер көлік құралының қозғалтқышының көлемі 3 мың текше см асқан жағдайда акциз де төлеу қажет); ҚҚС төлеу қажет; дөңгелекті көлік құралының қауіпсіздік сертификатын алу.

«Екінші тәсіл – ДСҰ ставкалары бойынша тауарларға декларация беру. Бұл жағдайда көлік құралын ЕАЭО елдеріне иеліктен шығару құқығынсыз Қазақстанда ғана тұтыну түрінде шектеулер бар. Бұл тәсілде де кедендік алым, кедендік баж және егер қозғалтқыштың көлемі 3 мың текше см асатын болса, акциздер төленеді. ҚҚС төленеді және КҚКҚК алу қажет.

Үшінші тәсіл - жолаушылар кедендік декларацияны тапсыру. Бұл ретте бекітілген мөлшерлемелер бойынша жиынтық кедендік төлем ғана төленеді, деп атап өтті МКК өкілі.