Жалпы, басқа өңірлермен салыстырғанда Батыс Қазақстан облысындағы экологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Облыс бойынша ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі биылғы I жартыжылдықта 21 мың тоннаны құрады, бұл былтырғы кезең деңгейінен 42%-ға төмен. Бұған табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізілді.
Жол картасында Батыс Қазақстан облысының экологиялық проблемаларын шешу бойынша 17 іс-шара көзделген, оның 6-ы орындалды.
Сондай-ақ қалдықтармен жұмыс істеу саласында негізгі проблемалар олардың әлсіз дамыған инфрақұрылымы, ҚТҚ полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі, рұқсат етілмеген полигондардың көптігі болып табылады.
Ғарыштық мониторинг шеңберінде 2023 жылдың І жартыжылдығында өңірде 274 қоқыс үйіндісі анықталды, оның 54%-ы жойылды (148 бірлік). Сонымен қатар бірқатар ауылдық округ әкімдері полигондарды жоймағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Су шаруашылығы саласында су басу қаупін жою және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында су шаруашылығы инфрақұрылымын салу мен реконструкциялау және суару арналарын цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыста 2024 жылдың соңына дейін Киров су қоймасын (Ақжайық ауданында) реконструкциялау және 2026 жылға дейін ұзындығы 630 км 9 арнаны реконструкциялау көзделген.
Орман шаруашылығы саласында Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі бастамасын іске асыру шеңберінде биыл 3220 га алаңға 11,8 млн ағаш отырғызу жоспарланған, ал I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 638,3 га алаңға 3,9 млн ағаш отырғызылды.
Балық шаруашылығын дамыту бойынша балық саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес балық өсіру көлемін 10 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Өткен жылы өңірде 515,6 тонна балық өсірілді. Жоспар 100% орындалды.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың балық шаруашылығы субъектілері жоспарға сәйкес табиғи су айдындарына әртүрлі балық тұқымдарының 255 089 мың дана шабақтарын жіберді.