22.08.2023 _ 15:51

Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі біліммен қанша бала қамтылғанын айтты

Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі біліммен қанша бала қамтылғанын айтты

Жыл басынан бері 32 871 орындық 332 мектепке дейінгі ұйым ашылды. 2023 жылғы 14 тамыздағы мәліметтер бойынша, 2 мен 6 жас аралығындағы балалардың 89,1% мектепке дейінгі біліммен қамтылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, МЖС , сондай-ақ, «қолжетімділік» қағидасы бойынша тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында мектепке дейінгі ұйымдар ашу есебінен 2025 жылға дейін мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа орындарын іске қосу жөніндегі қадамдық жоспар қабылданды.