22.08.2023 _ 16:27

Қазақстанда құс еті көбірек өндіріле бастады

Бүгінгі күні республикада 69 құс фабрикасы, оның ішінде 34 жұмыртқа және 29 ет бағытындағы, сондай-ақ 6 асыл тұқымды өнім шаруашылығы бар, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

2022 жылдың қорытындысы бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарындағы құс етін өндіру көлемі 288,7 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артық, 5,1 млрд дана тауық жұмыртқасы шығарылды бұл былтырғы көрсеткіштен 4,4%-ға жоғары.

Құс фабрикалары өндірген тағамдық жұмыртқаның үлесі 75,3%, жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесі 24,6% құрайды. Ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі 101% құрады.

2023 жылдың І жартыжылдығында шаруашылықтардың барлық санатында құс етін өндіру 165,2 мың тоннаны (+14,4%) құрады, сондай-ақ шамамен 2,4 млрд дана (-1,8%) тауық жұмыртқасы шығарылды.