30.08.2023 _ 06:48

Қазақстанда Конституция күні аталып өтеді

Қазақстан Республикасының Конституция күні жыл сайын 30 тамызда тойланады. Бұл мерекенің тарихи маңызы зор. Ата заң - еліміздің еркіндігі мен тәуелсіздігінің, тұрақтылықтың символы.
Қазақстанда Конституция күні аталып өтеді

28 жыл бұрын – 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның Конституциясы қабылданды. Еліміздің басты құжатында Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде көрсетілген, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады.

Былтыр маусым айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен бүкілхалықтық референдум арқылы Ата заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік модельді кешенді трансформациялаудың негізін қалады.

Қабылданған жаңашылдықтар елдегі ауқымды саяси өзгерістердің жалғасы болып, Қазақстанның алдағы жылдарға даму бағыттарын айқындады. 

Мереке құтты болсын!