06.09.2023 _ 13:52

Албания Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Албания Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания Президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты  нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.