Бүгінгі таңда мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне кредиттік демалыстар ұсыну бойынша іс-шаралар іске асырылады. Атап айтқанда, 2022-2023 жылдар бойынша 8,5 мың әскери қызметшілерде банктерде және микроқаржылық ұйымдарда 3,2 млрд теңге сомасына 20 300 кредиті бар сарбаздар анықталды. 5 мыңнан астам әскери қызметішінің 1,4 млрд теңге көлеміндегі төлемдері кейінге қалдырылды.
Сонымен қатар Қарулы Күштердің басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың оқу орталықтарында әскери қызметшілерге мемлекеттік үлгідегі куәліктерді бере отырып, әскери есептік мамандықтар бойынша даярлық жүргізілуде, олар экономиканың нақты секторында қажетті мамандар болып табылады.
Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім берудің 70-тен аса мекемесі Қорғаныс министрлігімен мерзімді әскери қызметін өткергендерге білім беру секторында қосымша жеңілдіктерді ұсыну жөнінде келісімге қол қойды. Бүгінгі таңда әскери қызметін өткерген 180-нен аса қазақстандық – ақысыз негізде, ал 400-ден астамы ақылы негізде ЖОО-ларға түсті.
Қорғаныс ведомствосы тұрақты негізде мерзім әскери қызметтің әскери қызметшілер арасында олардың келісімшарт бойынша әскери қызметке түсулері бойынша кәсіби үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
«Осымен біз азаматтарды жұмыспен қамту мәселелерін шешудеміз», – деп нақтылады генерал-майор.
Бауыржан Артықовтың айтуынша, қазіргі уақытта тұрғылықты орын ауыстыру кезінде әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою мен әскери есептен алу автоматты режимде жүзеге асырылады.