12.09.2023 _ 14:20

Алматыда эстетикалық топтық гимнастикадан өтетін Әлем чемпионатына 15 елден спортшылар келеді - Қазақстанның федерациясы

Былтыр қараша айында Алматы қаласында Азия құрлығындағы алғашқы эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем чемпионаты өтеді. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында спикерлер маңызды іс-шараға дайындық барысы туралы айтып берді.
Алматыда эстетикалық топтық гимнастикадан өтетін Әлем чемпионатына 15 елден спортшылар келеді - Қазақстанның федерациясы

Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика федерациясының вице-президенті Әйгерім Арпабаева атап өткендей, бұл халықаралық федерацияның құрылғанына 20 жыл толуына арналған мерейтойлық чемпионат.

«Алматыдағы Әлем чемпионаты аясында үш ірі іс-шара ұйымдастырылады. Бұл - ересектер арасындағы Әлем чемпионаты, жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты, сондай-ақ бізге келетін барлық балалардың қатысуымен «Almaty Cup» халықаралық турнирі», – деді спикер.

Оның айтуынша, 15 және одан көп елдерден қонақтар келеді деп күтілуде. Іс-шара Алматы қаласы әкімінің қолдауымен Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

«Бұл біз үшін елеулі оқиға. Алматы Әлем чемпионатын қабылдауға 100 пайыз дайын. Қонақтарды орналастыру мәселелері ойластырылған. Шамамен бір жарым мың адам болады деп күтілуде. Спорт сарайы қаланың орталығында орналасқан. Дайындық белгіленген мерзім шеңберінде жүріп жатыр», – деп сендірді Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин.