19.09.2023 _ 11:10

Тунис Қазақстанмен ауыл шаруашылығы саласында жаңа ынтымақтастықтар орнатады

ОКҚ алаңында Қазақстан мен Тунис арасындағы IOFS бірлескен инвестициялық ынтымақтастық туралы өткен баспасөз конференциясында Тунис Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Абдел Монем Белати екі ел арасындағы қарым-қатынастың өзектілігі туралы айтты.

Оның айтуынша, Тунис елі мен ҚР арасындағы бұл алғашқы сапар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін бермек. Әлемдегі жағдай, оның ішінде экономикалық жағдай толық өзгеруде. Қазіргі барлық негативті және басқа жағдайлар бойынша климаттық өзгерістер орын алатын болса, оның да қатты әсері бар. Нақты айтқанда, ауыл шаруашылығына, ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлығына, оның ішінде дәнді дақылдарға әсері тиеді.

«Азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтатын болсақ, онда БҰҰ стратегиясына - ашаршылыққа қарсы стратегиясына ораламыз. Бұл әлем болып шешуді талап ететін мәселелердің бірі. Олардың ішінде жаңбырдың жаумауы, судың жетіспеуі, ауа райының өзгеруі бар. Біздің Қазақстанға келіп отырғанымыздың себебі - БҰҰ стратегиясын атқару, шешу барысында екі мемлекет арасында бірлесіп жұмыс істеуге деген үлкен қызығушылықтың болуы», - деді министр.  

Тунис мемлекеті Солтүстік Африкада орналасқан, 12 млн тұрғыны бар, табиғаты керемет. Стратегиялық орналасқан жеріне байланысты бұл мемлекет аймақтық және әлемдік деңгейде өте маңызды рөл атқарады.

«Ауыл шаруашылығы деңгейінде Тунис мемлекетінде өнімдер көп. Зәйтүн майын, көптеген түрлі құрмаларды, осылардың барлығын шығарады, сайып келгенде Тунис мемлекеті ауыл шаруашылығына өте бай», - деді Абдел Монем Белати.

Тунис елінің өкілі Қазақстанның ерекше ауыл шаруашылығы, дәнді дақылдар, бидай бойынша әлеуеті бар мемлекеттердің бірі екенін атап айтты.   

«Бүгін Қазақстанға келгендегі себебіміз - екі мемлекеттің мүддесін қорғайтын жаңа ынтымақтастық орнатып, жаңа келісімшарттарға отыру. Екі мемлекеттің арасындағы үлкен ынтымақтастық Қазақстанға ерекше көмектеседі. Тунис Қазақстанда зәйтүн егуде, басқа да инвестицияларды тартуда көмектеседі. Себебі, зәйтүн егу көптеген зерттеулерді талап етеді. Тунисте бұл салада көптеген институттар мен университеттер бар, ал дәнді дақылдарды егумен ерекшеленетін Қазақстанда бидай егуде үлкен ерекше тәжірибе бар, сондықтан Тунис пен Қазақстан осы бағытта зерттеу жүргізуде де ынтымақтаса алады», – деді спикер.

Абдел Монем Белати бұл ынтымақтастықты ауыл шаруашылығы саласынан да басқа салаларда орнатуға мүмкіндік бар екенін айтты. Мәселен, әрі қарай туризм саласында да ынтымақтастық орнатуға болады, өйткені Тунис саяхат саласында да белгілі мемлекет. Барлығымыз туризм саласында жұмыс жасамақ, инвестиция тартуға өте жеңіл болады, дейді ол.

«Қазіргі уақытта Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының көптеген мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігіне көмектесуде көптеген жұмыс атқарып жатқанын ерекше бағалаймын. Катарда, Дохада Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының Алтыншы бас ассамблеясы болатыны туралы хабарлаймын және оның азық-түлік саласын жан-жақты дамытуға ерекше мүмкіндіктер ашатынына сенемін», – деді Тунис министрі.

Ол басқа мемлекеттерді, осы жолда жұмыс істейтін басқа да органдарды Қазақстанмен бірге ынтымақтасуға үндеп, ішкі және әлемдік деңгейде азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде барлық мемлекеттерге пайда беретіндей жалпы ынтымақтастық орнатуға шақырды.