21.09.2023 _ 08:18

Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты басталды

21-24 қыркүйекте Алматы қаласында ADD үстел теннисі орталығында  тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Сайысқа әлемнің 16 елінен ойыншылар қатысады: Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Моңғолия, Түркменстан, Латвия, Чехия және т.б. Әлем чемпионаты рапид және блиц бойынша өтеді. Жүлденің жалпы қоры – 8 млн теңге.

Чемпионаттың ресми ашылуы 21 қыркүйек күні өтеді.

Тоғызқұмалақ – бұл қазақтың ұлттық ойыны, логикалық ойлау қабілетін дамыту өнері, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оның ақыл-ойын нығайтуда аса маңызды. 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.