25.09.2023 _ 08:37

Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 347-ден астам тексеру жүргізді

ҚР Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен осы жылдың 1 шілдесінде елімізде құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді. Осы кезеңде әлеуметтік инспекторлар 347 тексеру жүргізіп, оның ішінде, 151-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 196-cы жоспардан тыс тексерулер, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 347-ден астам тексеру жүргізді

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті жүргізген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде Лисаков арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапасыз ұсыну және Small сауда объектілерінде көру функциялары бұзылған адамдар үшін ақпараттық құралдардың болмауы фактілері анықталды. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалының Талғар аудандық жер кадастры және тіркеу бөліміне тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды адамға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданды.

Мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілгенге дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 750 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 533 ұйғарым берілді, 44 млн теңгеден астам сомаға 233 айыппұл салынды.