26.09.2023 _ 10:09

Азиада-2023: Қазақстанның ерлер командасы нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алды

Азиада-2023: Қазақстанның ерлер командасы нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алды

Ханчжоуда 10 метрден қозғалмалы нысанаға атудан командалық сайыста Бақтияр Ыбраев, Андрей Худяков пен Асадбек Нәзірқұлов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстандық команда 1111 балл жинады. Бірінші орынды Оңтүстік Кореядан келген мергендер (1116), Индонезиядан келген спортшылар (1098) үшінші орын иеленді.

Бұл оқ ату бойынша жарыстарда Қазақстан құрамасының үшінші марапаты. Осыған дейін Никита Чирюкин жылдам атылатын мылтықтан қола жүлде жеңіп алған. 10 метрлік пневматикалық мылтықтан ату жарыстарында Ислам Сәтпаев/Александра Ле тағы бір қола еншіледі.