Көп жылдық тарихы бар ауқымды форум елімізде алғаш рет өткізілді. INNOPROM.KAZAKHSTAN іскерлік бағдарламасының негізгі іс-шарасы Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшылары қатысқан «Жаңа уақыттың индустриялық стратегиялары» атты басты пленарлық отырысы болды.
Көрме аясында Қазақстан, Беларусь, Армения және Ресейден 400-ден астам компания 12 мың шаршы метрден астам аумақта ұлттық экспозицияларын ұсынды. Павильондарда металлургия, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы және фармацевтика салаларында өндірілген тауарлар қойылды.
Сондай-ақ INNOPROM.QAZAQSTAN барысында өнеркәсіпті цифрландыру, машина жасау саласындағы ынтымақтастық, ірі қалалар үшін технологиялар, энергетика технологиялары және халықаралық ынтымақтастық тақырыптары бойынша бірқатар мамандандырылған сессиялар өтті. Қатысушы елдердің компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды. Көрменің соңғы күні дөңгелек үстелдер, іскерлік ойындар, пікірталас және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі қамтылған «Жаңа индустрияға жаңа кадрлар» атты білім беру бағдарламасы өтті. Білім күні бағдарламасына 200-ден астам студент қатысты.
Сонымен қатар, Астананың ірі индустриялық алаңдары мен кәсіпорындары бойынша индустриялық тур өтті, оған 100-ден астам адам қатысты.