28.09.2023 _ 19:05

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласында 2023 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Мемлекеттік сыйлықтарды алуға барлығы 13 жұмыс ұсынылды. Алдын ала іріктеуден кейін екінші кезеңге 8 жұмыс өтті.

Жұмыстарды қарау және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындыларын тыңдау нәтижесі бойынша Комиссия тиісті ұсынымдарды әзірледі.

Аталған сыйлықтар ғылым мен техника саласы қайраткерлерінің еңбегін жоғары деңгейде тану болып табылады және білімнің жаңа салаларын және/немесе білімнің бір саласында жаңа бағытты ашқан ғылыми жаңалықтар, монографиялар мен ғылыми жұмыстар, техниканың, материалдар мен технологиялардың жаңа түрлерін өндіруді әзірлеу және ұйымдастыру, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуді және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін нәтижелер үшін беріледі.