29.09.2023 _ 14:10

Жыл басынан бері Қазақстанда сақтандыру нарығындағы төлемдер 164 млрд теңгені құрады

ҚР халқына сақтандыру қызметтерін 25 сақтандыру ұйымы көрсетеді. Оның 16-сы жалпы сақтандыру компаниясы және 9-ы өмірді сақтандыру компаниясы. Сақтандыру нарығы өсуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева хабарлады.
Жыл басынан бері Қазақстанда сақтандыру нарығындағы төлемдер 164 млрд теңгені құрады

«Бүгінгі таңда сақтандыру компанияларының активтері 2,4 трлн теңгені құрайды. Осы жылдың 9 айында ғана сақтандыру нарығында төлемдер 164 млрд теңгені құрады. Соңғы 4 жылда сақтандыру шарттарының саны 2 есеге: 5,8 млн шарттан 9,3 млн дейін өсті, оның 86%-ын жеке тұлғалар жасады», - деді спикер.

Шарттардың 49%-ы міндетті автосақтандыруға жатады. Бұл сақтандырудың ең жаппай таралған түрі.

«Біз соңғы 3 жыл ішінде сақтандыру секторының белсенді дамуына нарықты белсенді цифрландыру ықпал етті деп санаймыз. Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде сақтандыру нарығында цифрландыруды дамытудың 3 бағыты бар: Insurtech, RegTech және SupTech. Егер RegTech және SupTech қадағалау мен реттеуді цифрландыруға қатысты болса және оларды негізінен сақтандыру ұйымдары сезінсе, онда Insurtech тікелей клиент пен сақтандырушының өзара қарым-қатынасын цифрландыруға бағытталған. Insurtech онлайн сервистерді, маркетплейстерді дамытуға, халық үшін цифрлық сақтандыру ортасын құруға мүмкіндік береді», - деді спикер.