Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Ханчжоуда өткен Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Спортшы тас жолдағы велоспорттан 39,7 шақырымға созылған жекелей есеп сайысында озық шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Алексей 39,7 км қашықтықты 48:05.75-те бағындырды. Қытайлық спортшы (50:05.83), Гонконгтан келген велошабандоздың көрсеткіші (50:17.76).
Бұл Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына түскен бесінші алтын медаль. Айта кетейік, Алексей Луценко 2014 және 2018 жылдары да Азиада чемпионы атанған.
Қазақстандық спортшы Данил Мұсабаев батуттық гимнастикада жекелей сында күміс медаль жеңіп алды. Ол 57.270 ұпай жинады. Бірінші орынды қытайлық Ян Лангю (59.850), үшінші орынды Жапониядан келген Хирото Ямада (57.100) иеленді.