ҚР АШМ ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Мұрат Іргебаевтың ақпараты бойынша осы кезеңде 11,7 млн тонна астық бастырылды, орташа өнімділік көрсеткіші 9,3 ц/га құрайды, майлы дақылдар 352,7 мың тонна, картоп 2,1 млн тонна, көкөніс 3,2 млн тонна, ал бақша өнімдері 2,8 млн тонна.
Бірінші кезектегі міндет – келесі жылдың көктемгі дала жұмыстарына тұқым дайындау мен себу. Жоспар бойынша 1,9 млн тонна астық тұқымы 935,5 мың гектарға себілді.
Ағымдағы жағдайды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге литріне 250 теңге бағамен дәнді және майлы дақылдарды кептіруге жеңілдікті дизель отынының қосымша көлемі бөлінді. Жоспар бойынша МӨЗ-ден шамамен 62,5 мың тонна дизель отыны жөнелтіледі.
Өңірлік қаржы институттарымен фермерлер үшін айыппұл санкцияларынсыз несиелерді ұзарту мәселесін жеке тәртіппен пысықталуда.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Ысқақовтың ақпараты бойынша 33 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 2,3 млрд теңге сомаға қарыздарды ұзартуға өтінім берді. Қолайсыз ауа райынан зардап шеккен басқа қарыз алушылар тарапынан шарттар, ұсынылатын құжаттар тізбесі және міндеттемелерді қайта құрылымдау рәсімдері бойынша өтініштер келіп түсуде.
Сонымен қатар Азық-түлік корпорациясының желісі бойынша форвардтық сатып алу және тауарлық кредит бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін ұзарту үшін фермерлерді іріктеу критерийлері мен шарттарын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіледі. Компанияның Басқарма төрағасының орынбасары Дархан Даутовтың айтуынша, мерзімін ұзарту шарттары жақын арада жарияланады.
Жалпы, егін жинау науқандарын уақытылы және сапалы өткізу мәселесі ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында.