Қазақстанда халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 74,44 жасқа дейін өсті. Бұған Мемлекет басшысының халыққа медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жүргізілген шаралар әсер етті. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
Сала басшысы мәлім еткендей, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елімізде денсаулық сақтаудың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң серпіні байқалады.
«2023 жылдың 7 айында былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткіші 7,4%-ға, соның ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан 7%-ға, қатерлі ісіктерден 2%-ға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан 5%-ға, туберкулезден 20%-ға өлім-жітім төмендеді», – деп мәлім етті министр.
Оның айтуынша, нәресте өлімі 10%-ға азайды.