10.10.2023 _ 11:30

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері өзінің табыс жолы туралы айтып берді

Көп жыл бұрын ойда жүрген идея өмірлік маңызы бар іске айналды. Кәсіпкерліктегі өсу жолы мен ерекше балалардың көмекшісі ретіндегі қызметі туралы ОКҚ алаңында өткен баспасө зконференциясы барысында Динара Наумова айтып берді. Жас қазақстандық 2021 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанған болатын. Бүгінде жұмысының жемісін көріп отыр. Арада көп жыл өткен соң ол кәсіпкерліктегі алғашқы қадамдарын жүзіндегі күлкімен еске алады.  

«Менің тәжірибем, менің жобам кейде өз-өзіме бірегей болып көрінеді. Мен дәл қазір Қабанбай батыр елді мекенінде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобаның авторымын. Бұл ерекше балаларды оңалту орталығы. Алайда мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын бекер алған жан емеспін. Бұл күрделі жұмыс болды. 6 жыл бойы өз идеям туралы айтып, адамдармен танысып, жобаның маңыздылығы туралы жеткізіп жүрдім. Әр күн сайын оны жүзеге асыруға бір қадам болса да жақындай түсуге тырыстым. Бұл мен үшін өте маңызды еді. Қазір айналысып жүрген жұмысымды шынымен өмірлік мәні бар кәсіп деп атай аламын. Ондай диагнозды өз бойыммен көтеріп шыққан мен үшін ерекше балаларға пайдалы болу менің өір бойы айналысуға дайын қызметім екенін түсіндім. Өз жобама деген сенімім мықты болды. Ақордада Президенттің қолынан мақтау қағазын алған сәтте, кеудемді мақтаныш сезімі кернегені рас. Өйткені шынымен де маңызды іс тындырғанымды және оны Мелекет басшысы бағалағанын түсіндім. Оның жастарға сенетінін және осындай бастамалар жастарға серпін беретініне көзім жетті», – деп Мәжілістегі ең жас депутат естеліктерімен бөлісті. 

Ол қатарластарына идеяларынан бас тартпауға кеңес берді. Тез арада нәтижеге жетуге болмас. Оның айтуынша, алдыңызда мыңыншы есік жабылғанымен, мың бірінші есіктің ашылары хақ.