12.10.2023 _ 15:43

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Ұлан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Мақсат Мырзаханұлы Жебегенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.