«Мәжбүрлеп орындау барысында жеке сот орындаушысы борышкерлерден негізгі борыш сомасы және өндіріп алу сомасының 3-тен 25% - на дейінгі мөлшерде қосымша комиссия өндіріп алады. Азаматтарға борыштық жүктемені азайту үшін атқарушылық құжатты автоматты түрде қозғау және борышкерге хабарлама жіберу бойынша робот әзірленді. Роботты қолдану азаматтарға сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуге қосымша қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді», - деп баяндады вице-министр.
Сондай-ақ, ведомство өкілі әлеуметтік маңызы бар төлемдерді өндіріп алу бағытындағы шаралар туралы да баяндады.
«Борышкерлерді олардың табысына тең- пропорционалды алимент төлеуге ынталандыру мақсатында Smart Data Ukimet платформасында талдамалық кейс іске асырылды. Талдау жұмыс берушінің жалақының дұрыс есептелуіне тексеру жүргізу үшін борышкердің табысын ұйымдағы ұқсас мамандардың орташа жалақысымен салыстыру негізінде жүргізіледі», - дейді спикер.
Оның айтуынша, бұл тетік алимент төлеу сомасын азайту үшін борышкердің табысын жасыру фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.