Мемлекеттік аппарат өзінің тұрақтылығымен және ауысымдылықтың төмен деңгейімен ерекшеленеді. Соңғы 5 жылда мемлекеттік қызмет жүйесінен кадрлардың кетуі 24%-ға төмендеді. Бүгінгі таңда оң динамика сақталуда.
«Осы жылдың І жартыжылдығында таза ауысымдылық небәрі 3% құрады. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда жалпы алғанда 83 мыңға жуық мемлекеттік қызметші жұмыс істейді», - деді Азамат Жолманов.
Оның айтуынша, меритократия қағидаттарын сақтай отарып, мансаптық ілгерілеудің жоғары деңгейі сақталуда. Осылайша ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 70% мансаптық ілгерілеуге ие болды.
«Бұл ретте көрсетілген жетістіктерге қарамастан мемлекеттік қызмет жүйесінде әсіресе ауылдық жерлерде мемлекеттік қызметтің тартымдылығының төмендігі Б корпусының жоғары лауазымдарына іріктеудегі кейбір қиншылықтар, жеке және квазимемлекеттік сектордан тартылғандардың үлесінің төмендігі, сондай-ақ конкурстық рәсімдердің ұзақтығы сияқты жекелеген проблемалар байқалды. Қалыптасқан жағдай мемлекеттік қызмет жүйесінің осы аспектілерді реформалау қажеттілігін көрсетті», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.