24.10.2023 _ 13:30

Оралда 500 орындық жатақхана ашылды

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде студенттерге арналған жаңа 500 орындық 9 қабатты жатақхананы пайдалануға берілді. ЖОО Республика бойынша өз қаражаты есебінен жатақхана салу тәжірибесін алғаш рет жүзеге асырды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Оралда 500 орындық жатақхана ашылды

Нысан заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Әр секцияда ас, жатын, жуыну бөлмелері бар. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі студенттерге инклюзия форматына сәйкес арнайы бөлмелер мен мүгедектігі бар білім алушыларға 16 орын жасақталған. Бұдан бөлек, студенттер үйінде фитнес залы, дәріхана, медициналық пункт, кафетерий және мұғалімдер мен кезекшілерге арналған бөлмелер пайдалануға берілмек. Жатақхана аумағы толық абаттандырылып, спорт алаңы тұрғызылды.

Жаңа жатақхана Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының 89-тармағында көрсетілген «Студенттік жатақханадағы орын тапшылығы мәселесін шешу» тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.