Бұл ел тарихындағы шешуші дата, өйткені дәл осы күні 1990 жылы мемлекет егемендігі туралы декларация қабылданды. Кеше мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды табыс етудің салтанатты рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, «азаттықпен бірге ұлттың рухы көтерілді. Халқымыз көптеген табысқа жетті».
Бүгінде қазақстандықтар «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» әділ қоғам құру идеясын қолдайды. Болашақта еліміздің қандай болатыны әрқайсымызға байланысты. Біздің патриотизм, еңбегіміз, елімізге пайдамызды тигізуге деген ұмтылыс - табысты болашақтың кепілі.
Мереке құтты болсын! Республика күні құтты болсын!