31.10.2023 _ 14:20

Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты – А.Есмағамбетова

Пандемияның аяқталғанына қарамастан, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елдегі және әлемдегі COVID-19-дың эпидемиологиялық жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова COVID-19 бойынша ел аумағындағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді.

«Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда COVID-19-бен сырқаттанушылық 35 есе төмен. Ағымдағы жылдың қазан айында 300-ге жуық жағдай тіркелді, бұл қыркүйектегі көрсеткіштен 1,7 есе төмен», - деп хабарлады Денсаулық сақтау вице-министрі.

Соңғы секвенирлеу қорытындысы бойынша Қазақстанда Омикрон штаммы 100%-ында анықталды.

«Пирола нұсқасы анықталған жоқ», - деп нақтылап өтті ведомство өкілі.

Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға вакцинациядан уақытылы өтіп, қарапайым алдын алу шараларын сақтауға кеңес берді. Тұмау, ЖРВИ, COVID-19 белгілері пайда болған кезде үйде болып, адамдар көп жиналатын орындарға бармай, дәрігерге қаралу керектігін еске салды.