Салалық министрлік өкілі сырқаттанушылық ауырған балалар арасында вакцинация алмаған балалар есебінен тіркеліп жатқанын атап көрсетті.
«Вакцинация алмаған балалар 71% құрайды. Бұл ретте, 60% – балалар егуден бас тартуға байланысты, 18% – медициналық қарсы көрсетілім бойынша, 21% – егу жасына жетпеген балалар», - деп хабарлады вице-министр.
Сондай-ақ спикер қазіргі эпидемиологиялық жағдай қызылшаның 5 жасқа дейінгі балалар арасында көптеп тіркелуімен сипатталатынын хабарлады.
«Ол қызылша жағдайларының 65%-ын құрайды», - деп назар аударды Айжан Есмағамбетова.
Осыған байланысты ол қызылшаның одан әрі таралуын болдырмау үшін балаларды 6 айдан бастап, сондай-ақ 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды және медицина қызметкерлерін қосымша вакцинациялау жоспарланғанын хабарлады.
«Бұл ретте, 6 айдан 11 айға дейінгі балаларды қосымша иммундауды ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастау жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды қосымша жаппай иммундау және 6 айға толған балаларды қосымша иммундауды одан әрі жалғастыру жоспарланып отыр», - деді вице-министр.