01.11.2023 _ 09:57

Қазақстан мектептерінде 857 пәндік кабинет ашылды

Қосымша тағы 749 кабинет сатып алынады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді: күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, пән кабинеттерімен жабдықталады, мектеп жиһаздары, кітапханалар, асханалар жаңартылады, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.