02.11.2023 _ 14:10

Педагогтерді аттестаттау жүйесі жетілдірілуде - Оқу-ағарту министрі

Әр баланы саналы тәрбие мен сапалы біліммен қамтамасыз ету – Оқу-ағарту министрлігінің басты міндеті. Бұл 22 мыңнан астам білім беру ұйымында 6 миллионға жуық баланың қатысуымен 500 мыңнан астам педагог атқарып отырған жұмыс. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында осылай мәлім етті.
Педагогтерді аттестаттау жүйесі жетілдірілуде - Оқу-ағарту министрі

Сала басшысы өзі басқаратын ведомство балалардың білім беру қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті күшейту, білім беру инфрақұрылымын дамыту, қауіпсіз орта қалыптастыру бағыттарында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатқанын атап көрсетті.

Соның бірі – педагогтерді аттестаттау жүйесін жетілдіру.

«Педагогтерді аттестаттау жүйесін автоматтандыру үшін ұлттық платформа әзірленуде. Бұл объективтілік пен ашықтықты айтарлықтай арттырады. 2024 жылдың қаңтарында платформа Шығыс, Батыс, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске қосылады», - деп мәлім етті сала басшысы.