05.11.2023 _ 11:00

Қазақстанда алғаш рет пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өтуде

 2023 жылғы 5 қарашада пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар (45 аудан және облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру басталды.

Сайлаушылар тізіміне 1 062 327 азамат енгізілді.

4 қараша сағат 18.00-де жалпы, учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру құқығына 143 есептен шығару куәлігін берді.

Дауыс беру сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайда өткізіледі.