06.11.2023 _ 12:23

ҚР ОСК: аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін  сайлау қорытындылары туралы

5 қарашада Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтті. Өкілеттіктерге сәйкес облыстардың мәслихаттары осы сайлауды өткізу үшін 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаланың тізбесін бекітті, деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясы.

1553 сайлау комиссиялары: 17 облыстық, 3 қалалық, 42 аудандық және 1491 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

Сайлау балама негізде өтті. Сайлау бюллетеньдеріне 125 кандидат енгізілді.

Сайлаушылардың келуі - 62,79 %.

Сайланған әкімдердің орташа жасы 46,7 жасты құрайды.

Сайлау науқаны республиканың сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Дауыс беру күні байқауды Қазақстан Республикасының 8500-ге жуық кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, байқаушылары мен БАҚ өкілдері жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы осы сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссияларына әдістемелік басшылықты, сондай-ақ олардың қызметінің сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырды және өзінің интернет-ресурсында 17 өңірдегі сайлау қорытындылары бойынша мынадай жалпыланған ақпаратты ұсынады.

Толығырақ https://www.election.gov.kz/kaz/news/releases/index.php?ID=9123