Алайда бұл міндетті шешу жолында жаңа тәсілдер қажет: ТМК-ны отандық тауар өндірушілермен (ОТӨ) жұмыс істеудің жаңа қағидаттарына қайта бағдарлау қажет.
«Ең алдымен, жаңа принциптер дегеніміз – офтейк-келісімшарттар мен ұзақ мерзімді келісімшарттар құралдары арқылы ұзақ мерзімді серіктестіктерге көшуді көздейміз.Қазір мемлекеттік реттеу жүйесі көбінесе бір реттік сатып алуларда ОТӨ-ны қолдауға көбірек бағытталған. Бұл тәсілді толығымен тиімді деп атауға болмайды. Біздің ойымызша, Президент жақында халыққа арнаған Жолдауында өңдеу өнеркәсібі тауарларын ұзақ мерзімді кепілдендірілген сатып алуды көздейтін оффтейк-келісімшарттарға баса назар аударды. Мысалға, қазіргі уақытта осы бағытта белсенді жүргізілуде, және Форум аясында ТМК мен ОТӨ арасында бірқатар жаңа оффтейк -келісімшарттарға қол қою жоспарлануда», - деді спикер.
Сондай-ақ, ол ТМК мен ОТӨ арасындағы ынтымақтастық сатып алумен шектелмейтінін атап өтті. Мысалы, бүгінде металдарды (алюминий, мыс, қорғасын) ішкі нарыққа қайта өңдеушілердің қажеттіліктері үшін жеткізуді көздейтін жеңілдікті жағдайда шарттар жасасу тәжірибесі табысты іске асырылуда.
«Сондықтан, орта мерзімді перспективада ТМК мен ОТӨ-ның елішілік құндылықты дамыту мәселелеріндегі ынтымақтастық міндеті әлдеқайда кең деп айтуға болады – сайып келгенде, ТМК ірі қала құраушы кәсіпорындарының айналасында ШОБ белдеулерін құруға келуіміз керек. Бұл, өз кезегінде, ТМК қажеттіліктері үшін тауарларды жеткізу тізбегіндегі іркіліс тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді және белгілі бір дәрежеде валюта бағамының өзгеру факторын теңестіре отырып, сатып алу бағасының болжамдылығын арттырады», - деп атап көрсетті спикер.
М.Кононовтың пікірінше, «Қазақстандық қамту 2.0» Форумы ТМК тарапынан барлық негізгі тұтынушыларды және отандық тауар өндірушілер қатарынан әлеуетті өнім берушілерді бір үстелге жинау, барлық өзекті мәселелерді талқылау және одан әрі бірлескен жұмыс жолдарын белгілеу үшін тамаша алаң.