07.11.2023 _ 14:20

Есірткі жарнамалаудың «агрессивті» түрінен «жасырын» түріне ауысып жатқаны байқалуда – ІІМ

Интернет желісі арқылы есірткі қылмыстарын анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері Мәдениет және ақпарат министрлігіне 3,2 мыңнан астам есірткі сайттарын бұғаттау туралы сұраухаттар жолданды. Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов осындай мәлімет келтірді.
Есірткі жарнамалаудың «агрессивті» түрінен «жасырын» түріне ауысып жатқаны байқалуда – ІІМ

Алайда бүгінгі күнде есірткі жарнамасының хабарландыру сайттары және басқа да интернет-платформалар арқылы «агрессивті» түрінен «жасырын» түріне ауысып жатқаны байқалуда.

«Бастапқыда дереккөздерде есірткісайттары деп ашық жазылса, бүгінде қаскүнемдер бұғатталу қаупін түсініп, сілтемелер жасайтын болған. Мұнда «OLX» сайтының танымалдығы басым болып тұр. Тек жыл басынан бері компаниямен ІІМ бастамасы бойынша полицейлермен және сервис қызметкерлерімен анықталған есірткі салып қоюшыларды жалдау бойынша «жасырынған» үш мыңнан астам хабарландыру жойылды», - деді спикер.