09.11.2023 _ 11:10

Каспий итбалығының популяциясын сақтау үшін мемлекеттік табиғи резерват құру бағытында жұмыс жүргізілуде – ЭТРМ

Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында баяндады. Ведомство басшысы Президенттің саланы өркендету бойынша берген тапсырмаларын орындау бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті. 

Соның бірі – Каспий итбалығының популяциясын сақтау. Бұл ретте министр Маңғыстау облысында мемлекеттік табиғи резерват құруды жеделдетуге қатысты 2023 жылғы сәуірде жаратылыстану-ғылыми негіздеме бекітілгенін жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта техника-экономикалық негіздеме әзірленуде. 

«Нәтижелерін осы жылдың соңында аламыз. Резерват 2024 жылғы маусымда дербес заңды тұлға ретінде құрылатын болады», – деп нақтылады Ерлан Нысанбаев.