Ведомство басшысының ақпаратына сәйкес, 2023 жылдың наурызында Экология министрлігі мен Ішкі істер министрлігі Жайық-Каспий бассейнінің акваториясында браконьерлікпен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен жоспарды бекітті.
«Жоспар аясында бірлескен рейдтер жүргізіліп, теңізде бақылау күшейтілді», – деді министр.
Сондай-ақ, сала басшысы қорғауды күшейту мақсатында Жайық-Каспий инспекциясының материалдық-техникалық базасы нығайтылып жатқанын жеткізді.
«Нәтижесінде 691 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 13 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, 46 қылмыстық іс қозғалды. Өңірде браконьерлікпен күрес жұмыстары жалғасуда», – деп есеп берді Ерлан Нысанбаев.