2023 жылы 41 гидротехникалық құрылыс реконструкциядан өтті. Шығыс Қазақстан облысындағы Чар және Түркістан облысындағы Шардара су қоймаларында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл құрғақшылық кезінде пайдалану үшін суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Министрлік озық технологияларды енгізу және өз жобаларына қолдау табу үшін су ресурстарын цифрландыру және автоматтандыру саласындағы әлемдік көшбасшылармен, соның ішінде Австралия мен Германиядағы компаниялармен белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар су шаруашылығы нысандарының жай-күйін үздіксіз қадағалайтын ситуациялық ақпараттық орталық құру бойынша жұмыс қолға алынды. Бұл шешім қабылдау және өзгерістерге жедел әрекет ету үшін өзекті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Осы ақпараттық орталықта гидротехникалық құрылыстардың техникалық жай-күйі және су ресурстарының барлық параметрлерін есепке алу бойынша деректер жинақталады.