30.11.2023 _ 16:20

Пресс-карталарға қойылатын талаптар қайта қаралатын болады - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Пресс-карта БАҚ-та үш жылдық жұмыс өтілі және жоғары бейінді білімі бар немесе дипломсыз бес жылдық тәжірибесі бар журналистке беріледі. Штаттан тыс журналистердің немесе бірнеше басылымға жазатын журналистердің тәжірибесі қалай ескеріледі? Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясына қатысушы осы сұрақтың жауабын білгісі келді.
Пресс-карталарға қойылатын талаптар қайта қаралатын болады - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оның бәрі «Масс-медиа туралы» заң жобасының бірінші редакциясында жазылғанын атап көрсетті. 

«Жалпы, депутаттар да, сіздер де (БАҚ) осы нормалар мен шарттарға сыни көзқараспен қарадыңыздар. Ал біз әрқашан сіздердің пікірлеріңізді ескереміз және екінші оқылымға дейін жақсартуға болатын барлық нормаларды қарастырамыз. Екінші оқылымға дейін бұл сұрақтар азаяды немесе тіпті болмайды деп ойлаймын. Депутаттық корпуста сіздің жұмысыңыздың ерекшеліктерін білетін, сіздің мүдделеріңізді шынымен қорғайтын кәсіби журналистер бар. Және де министрлік сіздердің құқықтарыңызды шектейтін нормаларды қабылдамады. Біз еңбек өтілі туралы нормаларды автоматтандырғымыз келді, кәсіби журналистердің хабар таратқанын қаладық. Сіздер бүгін менің атыма үлкен сын айтылғанын естідіңіз: материалдар тек пресс-релиз түрінде беріледі, тақырып ашылмайды немесе әкімдердің немесе жалпы министрлердің қызметі туралы шағын мәліметтер беріледі деген сөздер айтылды. Осы орайда  жұмыс өтілі бар журналистердің жұмыс істегенін қалаймыз. Әрине, сіздердің барлық пікірлеріңізді ескере отырып, тәсілдер қайта қаралатын болады», – деп сендірді ведомство басшысы.