Конференция аясында Ресей Федерациясының мемлекеттік кинофильмдер қоры ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивіне үш фильм тапсырды. Олардың қатарында «Әкелер мекені«», «Өмір жолы» көркем фильмдері мен «Домбыра үнімен» деректі фильмі бар.
Ресей мемлекеттік орталық кино музейі «Даланың жасыл алқабына тізе бүгемін» көрмесін ашты. Мақсаты – Қазақстан кинематографын таныстыру. Көрмеде әр уақытта түсірілген 40-тан астам фильмнің плакаттары, соның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарында «Қазақфильм» киностудиясының түсірілім алаңдарындағы нобайлар мен фотоматериалдар ұсынылған.
Қазақстан киносының белсенді дамуы Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматыға екі киностудия – «Мосфильм» мен «Ленфильм» эвакуацияланып, «Қазақфильммен» Орталық Біріккен Киностудияға айналдырған кезден басталды. Бұл уақытта 23-ке жуық көркем және 10-ға жуық қысқаметражды фильм түсірілген.
Аталған көрме Астанада 7-8 желтоқсанда өткізіледі.