Сапар барысында Көлік министрлігінің басшысы мердігер ұйымдардың өкілдерімен, ұлттық жол активтері сапасы орталығының сарапшыларымен және жол ғалымдарымен біргежол төсемі мен жол инфрақұрылымының жай-күйін тексерді.
Бүкіл сегментте деформациялық тігістерді орнатуға және цемент-бетон жабындарындағы технологиялық қималарды герметизациялауға, сондай-ақ автомобиль жолдарын жөндеу, салу және оларға қызмет көрсету кезінде инновациялық технологиялар мен материалдарды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Министрдің жұмыс сапары кестесіндегі міндетті тармақ Шақпақ баба ауылының аумағындағы автомобиль тоннелі болды. Оның құрылысы әлі де жалғасуда, дегенмен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жол учаскесі бұрыннан халық игілігіне пайдалануға берілген.
Қазіргі уақытта тоннельде бетон жұмыстары 100% аяқталды және арка бетін тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «ҚазжолҒЗИ» АҚ техникалық қадағалау қызметінің ақпараты бойынша, сол жақ тоннельдегі асфальтбетон жұмыстары 100%-ға, оң жақтағысы жартылай аяқталған.
Сондай-ақ көлік ведомствосының басшысы жол бойындағы сервис объектілерін және жол ақысын алу жүйесінің инфрақұрылымын қарап шықты. Өз кезегінде «ҚазАвтоЖол» ҰК ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушылар үшін қызметтерді белсенді дамытуды тапсырды.