Бүгінгі таңда жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі барлық республикалық маңызы бар қала мен облыс орталықтарында жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көліктерде енгізілді. Аталған жүйелердің жұмысын жалпы саны 14 оператор қамтамасыз етеді.
Соңғы 3 жылда республика бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 34 пайыздан 79%-ға дейін ұлғайды.
Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі жолаушылар тасымалына арналған қоғамдық көлік жұмысының тиімділігін жақсартуға, жолаушылар ағыны туралы нақты статистикалық деректерді қалыптастыруға, сондай-ақ тасымалдаушылардың жосықсыз әрекеттерін азайту есебінен көлеңкелі экономикадан ақшалай қаражатты шығаруға ықпал етеді.
Сонымен қатар электрондық билеттеу жүйесін енгізу арқылы NFC технологиясын қолдайтын банк карталары, банктердің мобильді қосымшалары, SMS-код жіберу, QR-кодты сканерлеу, сондай-ақ көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу мүмкіндігі пайда болды.