Қазіргі таңда 11 проблемалық нысан басшылырына қатысты қылмыстық істер қозғалды. Оның ішінде 6 тұрғын үй бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал 5 нысан бойынша істер сотқа жолданды. Қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсетіліп жатыр.
«Құрылыс кооперативтерінің проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі Жол картасы» бекітіліп, тиісті шаралар қолға алынды. Сонымен бірге, Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, Ақтөбе қаласы әкімдігі жанынан «Ақтөбе құрылыс компаниясы» атты уәкілетті ұйым ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деп хабарлады спикер.
Өткен 10 айда қаржыландыру көздері есебінен 818 мың шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне берілді. Ал, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 1,3 млн шаршы метрге дейін жеткізу жоспарда бар. Бюджеттік қаражат арқасында биыл әлеуметтік тұрғын үй құрылысы арқылы 974 пәтер пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топтар мен көпбалалы отбасылар үшін 360 дайын пәтер сатып алынды.